Семей қаласының патологоанатомиялық бюросы

Семей қаласының патологоанатомиялық бюросы

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының патологоанатомиялық бюросы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Семей қ. патологоанатомиялық бюросы Қазақстан Республикасы Семей облыстық денсаулық сақтау Департаментінің 04.1996 жылғы № 501 бұйрығы негізінде Облыстық клиникалық ауруханасының Орталық патологоанатомиялық лабораториясы базасында құрылды.

Бюро қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардың және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы Ережені және патологоанатомиялық союларды жүргізу Ережелерін бекіту туралы» № 97 Бұйрығы негізінде іске асырылады.

Бюроның бірінші директоры Жүнісбеков Ержан Балтажанұлы (1996-1999 жж.) болды. 1999 жылдан 2011 жылға дейін бюроны Масалимов Тоқтар Жолдасбайұлы басқарды. 2011 жылдан бастап Қыдырбаев Манарбек Қыдырбайұлы   бюроның директоры  болып келеді.                   

ШҚО ДСБ «Семей қ. патологоанатомиялық бюросы» КМҚК-ы консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған дербес мамандандырылған ұйым болып табылады.

ТМККА (Тегін медициналық көмектің кепілді ауқымы) шеңберінде қызмет көрсетеді, соның ішінде ересек адамдардың, балалардың денелерін сою, операциялық-биопсиялық материалдарды зерттеу қызметін көрсетеді. Медициналық қызмет көрсетумен айналысуға 01.03.2016 жылы берілген № 002619DF мемлекеттік лицензиясы бар. Қызметтің лицензия берілетін түрлерінің тармақ-түршелері: диагностика, патологиялық анатомия. Семей  қалалық әділет басқармасы заңды тұлғаны қайтадан мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы № 157-1917-27-ГП, БИН 990340002398 анықтаманы 2016 жылғы 10 ақпанда берген.

Бюро 1969 жылы салынған типтік үлгідегі ғимаратта орналасқан. Бюроның алаңы 383,8 шаршы/м құрайды. Оған секциялық зал, фиксациялық, гистологиялық лаборатория, тоңазыту камерасы, дәрігерлік персонал кабинеттері, ӘШБ кабинеттері кіреді.


Патологоанатомиялық бюро қызметінің мәні мен мақсаттары

Бюро қызметінің мәні медициналық қызметпен айналысуға берілген лицензия негізінде және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы тіркеу стандарттарына сәйкес медициналық қызмет көрсету болып табылады. Қызмет мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті іске асыру.

Патологиялық-анатомиялық бюроның негізгі міндеттері мыналар:

- макро- және микроскопиялық, ал қажет болған жағдайда бактериологиялық, вирусологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізу жолымен секциялық, операциялық және  биопсиялық материал негізінде ауруларды нақтылап-пысықтайтын диагностика жүргізу;

- науқастың өлімінің себептері мен механизмін анықтау;

- емдеуші дәрігерлермен бірлесе отырып, клиникалық және патологиялық-анатомиялық  мәліметтер мен диагноздарды салыстыру жолымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік қызметкерлермен солардың нәтижелерін талдай отырып, диагностикалық және емдеу жұмыстарының сапасын талдау;

- емдеу-профилактикалық мекемелерінде клиникалық-патологиялық конференциялар даярлап, өткізу;

- мемлекеттік денсаулық сақтау саласының уәкілетті органдарын жұқпалы аурудың, қатерлі ісік ауруларының анықталған жағдайлары туралы белгіленген тәртіппен хабардар ету;

- кісі өлімі себептерінің мемлекеттік статистикасының сенімді мәліметтерін қамтамасыз ету;

- бекітілген аудандардың патологоанатомиялық қызметіне іс жүзінде практикалық көмек көрсету;

- ақылы жерлеу рәсімдерін көрсету.

Статистикалық мәліметтер:

Атауы

Есеп

2014 ж.

Есеп

2015 ж.

Есеп

2016 ж.

Есеп

2017 ж.

Ересектердің денесін сою

164

179

165

193

Балалардың денесін сою

228

221

215

209

Биопсиялық материалды зерттеу

50444

50200

48030

53499
Мамандарға арналған ақпарат
08/08/2017
МЕДИЦИНСКОЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО О СМЕРТИ №
20/04/2017
В Патологоанатомическом бюро г. Семей проводятся следующие исследования: Патологоанатомическое вскрытие тел умерших с последующим гистологическим исследованиемаутопсийного материала. Исследование…
Басшының блогы
Жіберу
Байланыс
Мекен жай: ШҚО, Семей қ.,
Сеченова көшесі, 1
E-mail: sectsiya@rambler.ru
Телефоны:
8 (7222) 53-13-64 (приемная)
8 (7222) 53-38-08 (бухгалтерия)